Алматы мен Алматы облысы шекарасында қарсы жолақта келе жатқан полиция көлігі видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға Талғар тасжолы бойында Бесағаш ауылының маңында болған. Оқиға куәгері Mercedes жүргізушісі кептеліс кезінде қарсы жолаққа қалай шыққанын камераға түсіріп алған. Ол жүргізуші полиция формасында болғанын және көлікті нөмірсіз басқарғанын айтты. Мұны әлеуметтік желіде жарияланған видеодан да байқауға болады. Сондай-ақ, видео авторы жол ережесін өрескел бұзған полицей оның көлігін соғып кете жаздағанын айтты. “Полицейдің әрекетін Алматы Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясы қарайды, әрі қарай шаралар қабылданады”, – деді қалалық Полиция департаменті.