Алматы полициясы арықтан табылған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр.
Бүгін түнгі бірде Алматы тұрғыны Райымбек даңғылының бойындағы арықтан жаңа туған сәбиді тауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Нәресте денсаулығын тексеріп, күтім жасау үшін ауруханаға жеткізілді.
“Қазір Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының тұрғылықты жерін анықтау және полицияға жеткізу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.
Алматы полициясы азаматтардан сәбидің биологиялық анасы туралы кез-келген ақпарат белгілі болған жағдайда, дереу ішкі істер органдарына хабарлауды сұрайды.