Алматыда автотұрақға сараланған төлем енгізіледі – Досаев

Алматыда ақылы автотұрақтарға сараланған тариф енгізіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ерболат Досаев мәлім етті. Әкім Алматыда ресми түрде 550 мың автокөлік тіркелгенін атап өтті. Күн сайын қалаға қала сыртынан тағы 250 мың көлік келеді. “Сараланған төлем жүйесін енгіземіз: орталықта бұл бүкіл әлемдегідей қымбатырақ, орталықтан алыс жерлерде тариф төмен болады. Сондықтан күзде сараланған тарифтерді енгіземіз. Қыркүйекке дейін бұл жұмысты аяқтаймыз, сосын мәслихатқа енгіземіз”, – деді Досаев. Ол ақылы автотұрақтардан түсетін барлық қаражат жергілікті бюджетке түсетінін атап өтті. Кейіннен барлық қаржы қала аудандарының инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады.