Басына салмағы 200 келі мұз түскен әйелдің ісіне қатысты пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) төрағасы сотталып жатыр. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Наталья Полянская айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның сөзінше, тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясының директорына өз міндетін атқармағаны үшін айып тағылған. “Іс бойынша 13 куәгер мен 27 эпизод бар. ПИК төрағасының өзі бұған кінәлі емес екенін, кондиционерді шатырдың астына орнатқан әйел кінәлі екенін айтады. Қазір оған ешқайда кетпеу туралы тілхат жазылған”, – дейді Полянская. Еске салайық, қайғылы оқиға 2018 жылдың 20 қарашасында болған. Полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Ол Бостандық ауданынының 62 жастағы тұрғыны.