Бұл – республикалық «Қауіпсіз жол» шарасы аясында анықталған жағдай.
– Алматы қаласында бір тәуліктің ішінде ғана 897 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Ең ауыр жол ережесін бұзғандарды айтатын болсақ, тек 8 жүргізуші ішімдік ішіп ұсталды. Одан басқа 1 жүргізуші алдын ала жүргізу куәлігінен айырылып, жүргізіп бара жатқан кезде ұсталды – деді қалалық әкімшілік Полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.
«Қауіпсіз жол» шарасы еліміз бойынша әлі екі күн болады. Патрульдік полицияның назарына ілігіп, артық шығындалмайын десеңіз, жол ережесін бұзбауға тырысыңыз.