Алматыда бір түнде қар салдарынан 39 жол апаты болды. Екі адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлайды. Алматы полициясы жүргізушілерді жолда сақ болуға және дөңгелектерді қысқы резеңкеге ауыстыруды сұрайды. Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада бір түнде 4-7 сантиметр, ал таулы аймақтарда 10-12 сантиметр қар жауған. Аудандық әкімдіктерде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Ал Нұр-Сұлтанда қалың қар салдарынан бір күнде 100 жол апаты болған.