Алматыда бірнеше госпиталь ашылады. Тамыз айының соңына дейін 500 орынға арналған жаңа госпиталь пайдалануға беріледі. Ал қыркүйектің ортасына дейін 300 төсек-орынға арналған тез салынатын тағы бір модульдік инфекциялық госпиталь іске қосылады деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Қалада коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық шеңберінде 1 қазанға дейін екі қонақ үйдің базасында жеке инвестициялар есебінен 215 төсек-орындық толыққанды ковидтік емханалар құрылады. Тамыздың соңына дейін патологоанатомиялық бюро іске қосылады деді мегаполис басшысы.