Алматыда ботаникалық бақ ашылды. Ондағы бірнеше жылға созылған реконстуркциялық жұмыстарға 15 млн АҚШ доллары жұмсалған деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазір баққа кіру ақылы. Демалыс орны тек 15-21 маусым аралығында таңғы 10:00-23:00-ге дейін барлық келушілер үшін тегін болмақ. Одан кейін ақылы болады. Билет құны ересектерге – 500 тг. Студенттер мен зейнеткерлерге – 300тг. Мектеп оқушыларына – 500 тг Экскурсовод жалдау – 1000 тг. Ал студенттер мен зейнеткерлерге экскурсовод жалдау – 500тг – Кино, видео, фото түсірілім – сағатына 5000 тг. Фотоаппаратқа түсу сағатына – 3000 тг. 1 адамға үйлену тойына келу – 1000 тг. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, 5 жасқа дейінгі балаларға – тегін.
Ботаникалық бақ әкімшілігі фото және видео түсірілім коммерциялық, кәсіби фотоаппаратқа түсірілген жағдайда төленетінін ескертті.
«Телефон камерасына, смартфонға, коммерциялық емес мақсатта түсірілген суреттерге ақы алынбайды» деді әкімшіліктен. Тойға келген қалыңдық пен күйеу жігіт қана 1000 теңгеден төлесе, олармен еріп келгендер 500 теңгеден төлейді. Бұл қаражат бақты бағып қағуға, күтім жұмыстарына жұмсалады. Реконстуркция жұмыстарына дейін ботаникалық бақ тарифтері екі есеге арзан болған. Еске сала кетсек, Ботаникалық бақтың қалай өзгергені туралы бұған дейін жазған болатынбыз.