Бұл ақпаратты аурухана жоққа шығарып отыр. Әлеуметтік желіде №7 қалалық клиникалық ауруханада қабылдау бөлімінің меңгерушісі 19 жастағы санитарды ұрды деген ақпарат тарады. “Қатты соқты. Жедел жәрдем бөлмесінде сабады. Санитар тіпті қорғанбады, себебі ол жетекшіден қорқатын”, – деді аурухана қызметкерлері Instagram желісіндегі Talgarnews-паблигінде. Қызметкерлер басшының күш қолданып, қызметкерлерге жүйелі түрде психологиялық қысым көрсетуі бірінші рет емес екенін айтқан. Мән-жайды анықтау үшін бөлімнің медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізілген. “Шабуыл дерегі расталмады, оны іс жүзінде көрген куәгерлердің болмауына байланысты және санитардың өзі бұл мәселе бойынша емхана басшылығына жүгінген жоқ”, – деді аурухананың баспасөз қызметі өкілдері. Аурухананың ішкі аудит қызметіне күндізгі уақытта қабылдау бөліміндегі жұмыс процесі мен мән-жайды қадағалау тапсырылды.