Алматыда құдалық пен қыз ұзату тойын өткізгендерге айыппұл салынды. 3 801 әкімшілік хаттама толтырылды. 2 693 жеке тұлға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл арқалады деп хабарлайды Sputnik. Мегаполисте бір апта ішінде кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұлғаларға салынған айыппұл көлемі – бес миллион теңге тең.
Қалада мониторингтік топ 17 тамыздан бері шағын және орта бизнестің эпидемиялық талаптарды сақтауына қатысты тоғыз мыңнан астам тексеру жүргізген. Негізгі тәртіп бұзушылықтар – маска режимінің сақталмауы, жұмыс режимінің бұзылуы, дезинфекциялық құралдардың болмауы, жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыру. Айта кетейік, бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес, отбасылық мерекелерді, үйлену тойлары, мерейтойлар, құдайы тамақ өткізуге тыйым салынған.