Алматыда демалыс күндері тауға шығуға тыйым салынды. Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, бұндай шара эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында жасалған.
“14 шілдеден қатаң карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктер мен туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан және т.б.) көліктің кез келген түрімен баруға тыйым салынады” деді ведомство.
Сенбі және жексенбі күндері ұлттық парк аумағы келушілер үшін жабық. “Талаптар сақталмаған жағдайда тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады”, – дейді қала әкімдігі.