Алматыда есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
Алматыда қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталғанын растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Департамент күдіктінің 2024 жылдың қазан айында кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген соң қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат жарияланған жоқ.