Ол жолдағы жағдайға байланысты қозғалысты реттеп отырады. Кептеліс жағдайында бұл белгі тура жүру керек екенін көрсетсе, көлік тығыны болмағанда тура және сол жаққа бұрылу белгісі қосылады. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы бағдарламалар әкімшісімен бірлесіп, 9 сәуір күні Талғар тас жолы мен Хан тәңірі көшелерінің қиылысында (Думан шағынауданынан шығар жолда) ауыспалы ақпарат беретін электронды жол белгісін (4.1.1 «Тура қозғалыс» және 4.1.5 «Тура немесе сол жаққа қозғалыс») іске қосты. «Аталған қозғалыс еуростандартқа сәйкес келеді. Жол белгісінің қажетті суреті тәулік уақыты бойынша (бағдарлама бойынша) арнайы электрондық блокпен немесе көліктер санына байланысты шығарылады. Ауыспалы ақпараты бар жол белгісінің жұмыс уақыты – таңғы сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін, 4.1.1 «Тура қозғалыс», ал сағат 11:00-ден кешкі сағат 6:00-ге дейін 4.1.5 «Тура немесе сол жаққа қозғалыс» белгілері жұмыс істейді» делінген хабарламада.