Алматыда әйелін айуандықпен өлтірген Сабыржан Зарипов 15 жылға сотталды. Ол әйелі Әл-Бейне Зарипованы он рет пышақтап, бес миллион теңгесін ұрлап, жертөлеге тастап кеткен. Сот үкімімен ер адам қасақана кісі өлтіргені және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді. Судья айыпкердің өзінің қылмысын мойындағаны үшін жазаны жеңілдеткен. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарипованың күйеуі қылмыс жасағанда “аффект” күйінде болмағанын нақтылады. Марқұм 42 жастағы Әл-Бейне Зарипова FlyDubai-дың Қазақстандағы серіктес компаниясының қаржы директоры болған.