Алматыда карантинге қатысты жаңа қаулы шығады. Бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деп мәлімдеді. Ол құжаттың 2-16 тамыз аралығына арналатынын айтты. Оның соңғы нұсқасымен алматылықтар 30 шілде күні кешке таныса алады. “Құжат бойынша ұсыныстарды кәсіпкерлер қауымдастығы, “Атамекен” ҰКП, кәсіпкерлік басқармасымен талқыладық. Бірақ түпкілікті ұсыныстар мен талаптарды күтеміз. Әсіресе, Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істемейтін нысандардың қызметін шектеуіміз керек”, – деді Бекшин. Ол 2 тамыздан бастап Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істемейтін кейбір нысан қызметін тоқтататынын айтты.