Пандемия кезінде елімізде демографиялық өсім азаюы мүмкін. Себебі коронавирус инфекциясы ерлердің бала туғызу қабілетін төмендетеді. COVID-19-бен ауырған жігіттердің басым көпшілігінде ұрық болмайды, дейді дәрігерлер.
Мәселен, Алматыдағы репродукциялық орталыққа келіп ем қабылдап жүрген үш жігіттің шәуеті тартылып қалған. Өйткені үшеуі де бұған дейін коронавируспен ауырыпты. Алайда мамандар ерлердің ұрығы 75 күн сайын жаңарып отырады дейді. Сондықтан COVID-19-бен ауырғандар үш айға дейін бала туғыза алмайды деген болжам бар.
Ал коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер арасында түсік тастау мен ерте босану жиілеген, деп хабарлады КТК.