Алматыда метро құрылысшылары ереуілге шықты. Олар жалақыларын екі есе арттыруды талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды. Айтуларынша, қолға алатын айлықтары небәрі 51 мың теңге. 15 жылдан бері басшылары жалақысын бірде-бір рет көтермеген. Жауаптылар денсаулықтарына байланысты құрылысшылардың шағымын тыңдаудан да, журналистерге сұхбат беруден де қашқан. Жұмысшылар бұдан былай мұндай төмен айлыққа төзбейтіндерін айтып, метро құрылысын тоқтатып, үйді-үйіне тарасқаны хабарланды.