Алматыда коронавирусты анықтайтын мобильді тест орталығына келушілердің көптігінен көлік кептелісі туындады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Автомобильден шықпай-ақ тест тапсыруға болатын зертхана «Нұрлы тау» бизнес орталығының маңында орналасқан. Ұзын-сонар кезек әсіресе түске дейін көп болды. Ал бүгін көлік кептелісі әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин көшесіне дейін созылды. Манаш Қозыбаев көшесінде де кезекте тұрғандар аз болған жоқ. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Бүгін сондай-ақ Алматыда COVID-19-ды анықтайтын жетінші зертхана ашылды. Кезекте тұрған жүргізушілердің басым бөлігі бұл жердің бағасы қолжетімді дейді.