Алматыда Наурыз мерекесінде көшелер жабылады

Алматыда Наурыз мерекесінде көшелер жабылады. Осы ретте 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді. Ол №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 автобус бағыттары. «19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Көлік жүргізушілері бұл күндері Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі және батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өте алады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді», – деп хабарлады әкімдіктен. Сонымен қатар 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін Абай даңғылы уақытша жабылады.