Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Банда жергілікті кәсіпкерге алым-салық салуға әрекеттенген. Қазір бір күдікті ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы. Дүкенді жалға алған кәсіпкер бір топ адам келіп, ақша талап еткенін айтты. Ол көмекке досын шақырған. Танысымен келген досы рэкеттермен сөйлеседі. Артынша бопсалаушылар травматикалық тапаншадан оқ атқан. Кәсіпкерді қорғауға келгендердің бірінің жақ сүйегіне оқ тиген. Ер адамға ота жасалды. Ол қазір есін жиған, бірақ сөйлей алмайды. Екіншісінің маңдай сүйегіне оқ тиіп, тесілген. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – деді Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматов. Шабуыл жасаушылардың бірі қазір изоляторда. Ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.