Алматыда шектеу шараларын бақылайтын топтардың жұмысы күшейтіледі

Қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қоғамдық көлікте санитарлық сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ата-аналарға балалар алаңында жүрген балаларды бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.