Алматыда студент оқу орнында өлі күйінде табылды. AlmaU университеті бұл ақпаратты растады. “Қазір қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауға кірісті. Ол үшін университет құқық қорғау органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Almaty Management University әкімшілігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады және оның отбасына қажетті қолдау көрсетеді”, — деп хабарлады баспасөз қызметі.