Алматыда таңға жуық құбыр жарылып, бірнеше көшені су басты. Апат Мыңбаев пен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Су Әуезов көшесімен ағып, Райымбек даңғылына дейін жеткен. Қазір құбыр жарылған жерде коммуналдық мекеменің мамандары жұмыс істеп жатыр. Су басқан көшелерде көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы көлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтап жүруге шақырды. Сондай-ақ апат болған жерді айналып өтуді ескертті. Шығын көлемі әзірге белгісіз.