Жағдай Алатау ауданына қарасты Дарабоз ықшам ауданында болған. Түнгі сағат онға таман 102 пультіне аулада қару ұстаған адамның жүргені және екі рет оқ атқаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды «Хабар 24». Жоғарғы қабатта тұратын адамдар оның әрекетін таспаға түсіріп алған. Жарақат алған ешкім жоқ. Полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ дереу жетіп, ер азаматты қолға түсірді. Мылтығын кімге кезегені белгісіз. Алдын ала болжам бойынша Карабин аңшылық мылтығымен оқ атқан адам мұндай әрекетке отбасындағы жанжалдан кейін барған. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.