Бүгін таңертең Алматыда төтенше жағдай болды. Райымбек даңғылы мен Емцов көшелерінің қиылысында орналасқан түсті металл өңдейтін кәсіпорында өрт шықты. Сол орынға 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер трансформатордың жанғанын көреді. Жалын тез арада айналаны жалмап, цехтың шатыры өртенеді. Трансформтордан аққан май мен будақ-будақ түтін өртпен күресті қиындатады. Дегенмен екі сағат ішінде аумақ оқшауланып, өрт толық өшірілді. Жалпы отты ауыздықтауға 63 адам мен 19 арнайы техника тартылған. Адамдар аман, күйік шалған ешкім жоқ.