Полиция қызметкерлері ірі құрылыс супермаркетін тонауға қатысқан ер адамды анықтады. Ведомство мәліметінше, 41 жастағы күдіктінің көлігін тінту кезінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдары табылған. “Заттай айғақтар тәркіленді. Іс “Ұрлық” бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдікті қамауға алынды”, – деді полицейлер. Бұған дейін Алматыдағы екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны мен Алматы облысынан келген 24 жастағы ер адам ұсталған болатын.