Алматыда тағы да 362 «Сергек» камерасы орнатылмақ

Алматыда тағы да 362 «Сергек» камерасы орнатылмақ. Олар жыл соңына дейін шаһар көшелеріне қойылады. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің мәліметінше, мегаполисте 10 айдың қортындысы бойынша жол-көлік апаты 27,8%–ға төмендеген. Қоса кетсек, жалпы қалада 2050 бейне камера бар.