Алматыда тауда әйелдің мәйіті табылды

Алматыда тауда әйелдің мәйіті табылды. Полицияның ақпаратына сәйкес, әйелдің кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында түр-келбеті еуропалық 40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деп атап өтті Алматы полициясы. Ақпарат әуелі әлеуметтік желіде пайда болды. Тұрғын әйелдің денесін таңғы жүгіру кезінде көріп, полицияға хабарлаған.