Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz. 2023 жылы синтетикалық есірткіні өнеркәсіптік ауқымда өндіруді жоспарлаған трансұлттық қылмыстық топ ұсталған болатын. Олар Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын құрып үлгерді. Ал прекурсорлар мен жабдықтарды тасымалдауды, соның ішінде шекарадан өтуді құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия атын жамылған логистикалық компания жүзеге асырған. Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі кінәлі деп танылып, 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.