Алматыда полиция қызметкерлері балабақшада балаларды ұрып-соққаны үшін жұмыстан шығарылған тәрбиешінің өліміне қатысты осындай дерек келтірді. Құқық қорғау органдары мәліметінше, 42 жастағы әйел өзіне қол жұмсаған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді қалалық ІІБ өкілдері. Жетісу ауданында болған оқиғаға қатысты жергілікті полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.