Қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деп мәлімдеді. «29 наурызда коронавирус инфекциясының 545 жағдайы тіркелді. Біз екі мутацияланған коронавирус штамын ескере отырып, одан да көп анықталады деп ойлаған едік. Себебі олар жұқпалырақ әрі инкубация кезеңі қысқа. Бұған дейін вирус отбасындағы бірнеше адамнан ғана анықталса, мутацияланған штамдар үйдегілердің барлығына жұғады. Сондықтан өте қатаң шаралар енгізуді талап етеміз”, – деді Бекшин.