Алматыда алдағы мерекелік демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысы шектеледі. Таңертең 6-дан 10-ға дейін, ал кешке 17:00-ден 22:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Жұмыс күндері әдеттегі кесте бойынша жүргізіледі. Мұндай шешімді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус шығарды. Сондай-ақ мереке күндері сауда-ойын сауық орталықтары таңертеңгі 10-нан кешкі 17:00-ге дейін ашық болады. Демалыс күндері мүлде жабылады. Ал жұмыс күндері кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Шектеу шаралары ашық және жабық базарларға да қатысты. Сенбі-жексенбі күндері барлық базарлар жұмыс істемейді. Ал мереке күндері базарлар кешкі 17:00-ге дейін ашық болады. Театр, кинотеатрларға баруға, той, ұжымдық шаралар ұйымдастыруға тыйым салынған. Сондай-ақ түнгі клубтар мен караоке, ойын залдарына жұмыс істеуге рұқсат жоқ. «Медеу» мұз айдыны да жабық болады. Ал Шымбұлаққа баратындардың саны 1000 адамнан аспауы тиіс. Жаңа қаулы 20 наурыздан бастап күшіне енеді.