Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді. Оның айтуынша, бірінші тоқсанда коронавирус жұқтырған 26 мектеп оқушысы анықталған, оның ішінде, екеуі – кезекші сыныптағы оқушылар. Олар коронавирус инфекциясын ата-анасынан жұқтырған. “Барлық топ ПТР-тест тапсырған, бәрінің нәтижесі теріс болды. Топтар жағдайдың алдын алу мақсатында жабылды”, – деді Қайрат Жұманов.