Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Шенеуніктердің айтуынша, қазіргі уақытта автовокзал жері мемлекет меншігінде емес. Бірнеше жыл бұрын оны жеке компания сатып алған. “Жер учаскесінің иесі 2018 жылғы 1 қазандағы сатып алу-сату шарты негізінде «Sayahat Realty» ЖШС саналады. Жер телімінің нысаналы мақсаты – коммерциялық үй-жайлары мен жерасты автотұрағы бар көп функционалды тұрғын үй кешені. Қазіргі кезде алаң қоршаулы, құрылыс-монтаждау жүргізілмейді. Жоба алдындағы құжаттаманың толық пакеті жоқ”, – деді қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері.