Соған байланысты Maxima сауда орталығының қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды. Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, хабарлама полицияға бүгін таңғы уақытта түскен. “Мұндай хабарламаларға бірінші кезекте жауап беру алгоритмі аясында алғашқы кезекте келушілер мен орталық қызметкерлері эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жөнелтілді. Тексеру барысында жарылғыш құрылғы және басқа да күдікті заттар табылған жоқ”, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.