Алматыдағы Шаляпин көшесінің кей учаскелері уақытша жабылады. «19 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында түнгі сағат 23:00 -ден таңғы сағат 06:00- ге дейін Шаляпин көшесінің бойы, атап айтқанда Береговой мен Щепеткова көшелерінің аралығы жабық болады. Сол себепті аталған учаскені айналып өту жолын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – дейді Алматы қаласының мобильділік басқармасы. Уақытша шектеу жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілді.