Алматыдағы Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін ұзартылады

Қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу кезінде осылай деді. Оның айтуынша, бүгінде мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Аяқталу мерзімі – осы жылдың мамыр айы. “Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуға жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Сатып алынуға тиіс 307 учаске анықталды”, – деді Ерболат Досаев. Қала басшысының пікірінше, бұл Әуезов ауданының дамуына, көлік жүктемесін айтарлықтай азайтуға және қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.