Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Алматыда жаңа “Сергек” камералары қашан қосылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін қалада қосымша үш мың жаңа камера қосылатыны белгілі болған. “Қазіргі уақытта қосымша 2 944 “Сергек” камерасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосу 2023 жылдың II тоқсанына жоспарланған”, – деп жауап берді Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына. Қазіргі уақытта Алматыда 2021 жылға арналған “Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік” жобасын іске асыру аясында әкімдік орнатқан 5 034 “Сергек” камерасы жұмыс істеп тұр. Камералар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында орнатылған.