Алматыда жаңа модульдік аурухананың құрылысы басталды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Ол 300 төсек-орынға арналған. Госпиталь толығымен цифрлық негізде, тексеру – байланыссыз әдіспен, ал бақылау бейнебайланыс арқылы жүргізіледі.
Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға мүмкіндік береді. Бұл Алматыдағы екінші госпиталь болмақ. Біріншісі 18 күнде салынып, 24 сәуірде пайдалануға берілген болатын.