Алматыда жаңа жыл мерекесіне байланысты полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мегаполис полициясы тәулік бойықаладағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Ол үшін 3 мыңнан астам полицей жұмылдырылды. Патрульдік экипаждар ұлғайтылды, қызмет көрсету маршруттары күшейтілді, жаяу патрульдік қызметке Ұлттық ұланның 300 әскері тартылды. Азаматтар көп жиналатын орындар мен мәдени-ойын-сауық шаралары өтетін орындар ерекше бақылауда болады.