Олар жалған долларға криптовалюта сатып алмақ болған. Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті жалған ақшаны сақтау және сатуға әрекет жасау фактісі бойынша тергеу шараларын бастады. Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен үш дана жасанды 100 АҚШ доллары табылған. “Зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 АҚШ долларына тең банкноттар АҚШ федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді”, – дейді агенттік мамандары. Күдіктілер қамауға алынды.