Қазір Алматы полициясы алаяқ арбауына түскен азаматтарды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тергеу мәліметінше, А. есімді әйел өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің кепілге қойылған мүлікпен жұмыс жасайтын қызметкері ретінде таныстырып, қаладағы жоқ пәтерлерді сатқан. Алаяқтық туралы шаһардың бірнеше тұрғыны полицияға арыз жазғаннан кейін белгілі болды. «Істі қарау барысында ұсталған әйелдің осыған ұқсас 4 эпизодқа қатысы бар екені белгілі болды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы анықталып жатыр”, – деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы. Тергеу жалғасып жатыр.