Алматыда жастар тұрғын үйдің төбесінде дискотека ұйымдастырған. Қала тұрғыны тоғыз қабатты үйдің шатырында әр аптаның жұма және сенбі күндері үнемі шулы кеш өтетіндігін айтып, Алмалы аудандық полиция бөлімінің басшысына шағымданды. Ол Байзақов көшесі, 170 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде шығатын музыка дауысынан ұйқы көрмейтінін айтып, шара қолдануын сұраған. Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.
Шағым бойынша ПД қызметкерлері шұғыл шаралар қабылдап, тұрғын үйдің шатырын тексерді, кінәлілерге “Қоғамдық орындардың ластануы”, “Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну” баптары бойынша хаттама толтырылды”, – деді бөлім басшысы Есен Ысқақов.