Бұл жүйе биыл мамыр айының соңына дейін іске қосылады. Қала әкімі Ерболат Досаев осылай деді. Ол үшін 475 млн теңге бөлінген Cell Broadcast технологиясы пайдаланылады. Досаевтың айтуынша, дәстүрлі SMS-тен айырмашылығы Cell Вroadcast технологиясы желіге қосымша жүктеме жасамайды және барлық абонент үшін жедел және жаппай таратуды, хабарлау уақыты мен жиілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.