Полиция мәліметінше, 7 нысанның үшеуі банк, екеуі сауда үйі, және оқу орны мен халықаралық әуежай. Қазір нысандар тексеріп жатыр.” Жарылғыш зат қойылғаны туралы 7 хабарламаның үшеуі тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты”, – деп хабарлады Алматы полиция департаменті. Тексеруге арнайы техника мен саперлер жұмылдырылды. Нысандағы адамдар эвакуацияланды. “Бомба қойылғаны” туралы ақпарат Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда да тіркелген. Ақпарат жалған боп шықты. Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Полиция қызметкерлері қоңырау шалушыны анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.