Алматыда журналисті ғимараттан күштеп шығарып жіберді. Бұл сәттің видеосын журналист өзінің Facebook желісінде жариялады. Осы жағдайға байланысты Алатау ауданы әкімдігі түсінік берді. Кадрлардан күзетші журналист қызды лифтке жібермей тұрғанын көруге болады. Журналист лифтке кіруге тырысқанда, ер адам оны көтеріп алып сыртқа шығарып жіберіп, есікті жауып алады. Қолданыстағы карантин шектеулеріне байланысты Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратына кіру шектелген және Ashyq қосымшасы бойынша жүзеге асырылады. Журналист А.Тәңірберген оператормен бірге ғимаратқа қосымшадағы өз мәртебесін сканерлемей, турникеттің астымен өткен, бұл туралы тиісті бейнежазба бар”, – дейді әкімдік өкілдері. “Алатау ауданы әкімдігі күзет қызметі қызметкерінің әрекетін қолайсыз екенін ресми түрде мәлімдейді. Бұл әрекеттері үшін қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі журналистерге сұхбат беруге дайын”, – дейді аудан әкімдігінің өкілдері.