Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі шықты

Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі шықты. Қазіргі таңда тізімде 45 тұрғын үй кешені бар. Олардың құрылысқа рұқсат құжаты толық емес немесе жобадан ауытқыған, және үйлер басқа да заңбұзушылықтармен салынған. Қала құрылысын бақылау басқармасы осылай деді. «Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын +7 705 89 66 00 WhatsApp анықтамалық желісі арқылы ТҮК барлық тиісті құжатының бар-жоғын тексеріңіз”, – дейді Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері.