Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін прокуратура Дужновты ұстау мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзарту туралы өтініш білдірген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық сотқа сілтеме жасап. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылық атқыш Игорь Дужновтың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты соталды тергеуді бастағаны хабарланды. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады. Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ, үйдің жаңа иесі мен куәгер бар.