Алматыдағы сауда және ойын-суық орталықтары мен базарларда вакцинация жүргізу жоспарланды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Лаура Мырзағалидің айтуынша, қазір Алматы емханаларында 35 екпе салу бөлмесі жұмыс істейді. Жақын арада тағы 15 пункт ашу жоспарланған. “Мұндай пункттер жеке емханаларда да болуы мүмкін. Сондай-ақ, сауда орталықтарында, базарларда да халықты вакцинациялау мәселесін қарастырып жатырмыз”, – деді Мырзағали. Сондай-ақ, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі жазға дейін Алматыға 197 мыңнан аса вакцина жеткізілетінін айтты.