Құрылысқа жауаптылар қызмет мүмкіндіктерін асыра пайдаланып, құрылыс кезінде ірі көлемде қаражат ұрлағандары анықталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының 2023 жылды қорытындылау жиынында айтылды деп хабарлады Jurtmedia.kz порталы. «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды. Айта кетейік, Алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсан айында, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді. Бұл Қазақстанда алғашқы және жалғыз метро, ал Орта Азияда Ташкенттен кейінгі екінші метро болып саналады.